Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев
Өнер • 11 Мамыр, 2021
Былтыр ұлттық бейнелеу өнерін ғажайып туындыларымен байытқан, алғашқы кәсіби қылқалам шеберлерінің бірі, Қазақстанның халық суретшісі Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтың туғанына 95 жыл толды. Өмірде өте қарапайым ғұмыр кешкен талантты тұлғаның мерейтойы елеусіз өтіп кетті. Сонда да өнерде өшпес із қалдыра білген суретшінің есімі ұмытылмайды деп сенеміз.